ШҚО-да заңсыз аң аулау фактісі анықталды

Самар ауылының шыға берісін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Nissan автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

49 жастағы азаматтың көлігінің салонын тексеру кезінде тәртіп сақшылары жабайы жануардың, болжам бойынша еліктің өлі денесін байқаған. Табиғатқа келтірілген залал 1 миллион теңгеден асты.

ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жалғасуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы