ШҚО-да үй жануарларын чиптеуге екі млн теңгеден астам қаражат жұмсалады

Шығыс Қазақстан облысында иелері әлеуметтік осал топқа жататын үй жануарларын сәйкестендіруге 2024 жылы 2 050 000 теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 1990 жануарды чиптеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz-ке сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, аудандар бойынша чиптер тегін сәйкестендіру қызметіне сұранысқа байланысты таратылады. Мәселен, Өскеменде 1 200, қалған қалалар мен аудандарда 50-ден 110-ға дейін үй жануарларын чиптеу жоспарлануда.

Сұраныс негізінен ірі елді мекендерде көбірек, - деп түсіндірді басқарма өкілі.

Айта кетсек, былтыр облыста жеңілдікпен 1 290 үй жануарлары чиптелген болатын. Бұл үшін мемлекеттен 1 329 000 теңге жұмсалды. Чиптеу құны орта есеппен 1 030 теңгені құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы