ШҚО-да үш мыңнан астам адамды кене шақты
Көктем шыққалы еліміздің шығысында 3346 адамды кене шаққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық анитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, кене шаққандардың арасында 997 бала бар. Жалпы 93 пайызы кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алған.
Ал екпе алмағандардың ішінде сегіз адам энцефалит жұқтырып, ауруханаға жатуға мәжбүр болды.
Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин жеткілікті, - делінген департамент хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны құттықтады
Өзгелердің жаңалығы