ШҚО-да ұрық патологиясын отасыз анықтайтын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен бірге халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша кеңес өткізді деп хабарлайды Altaynews.
Тек бірінші жартыжылдықта ғана өңірде 552 жоғары технологиялық операция жүргізілген. Ал өткен жылы 440 операция жасалған екен. Алты бірлік медициналық жабдық сатып алынады, бұл жоғары технологиялық медициналық қызметтердің тағы 14 түрін жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазір 19 дәрігер біліктілігін арттыруда, 54 маманды үздік клиникаларда оқыту жоспарлануда, олардың 20-сы - онкогематология саласында.
Біздің дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы Ұлттық кардиологиялық орталықта және нейрохирургия орталығында Юрий Пядан дәріс алады. Ана мен бала орталығында зертханалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықты орнаттық, - деді аймақ басшысы.
Жүкті әйелдердің қан тамшысынан ұрықтың ішкі хромосомалық патологиясын диагностикалау жүктіліктің 9-шы аптасынан бастап даун, эдвардс, патау синдромдарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазір бұл аз инвазивті операция кезінде ғана мүмкін.
Ана мен бала орталығы жақын арада осы жоғары медициналық технологияны қолданатын республикадағы алғашқы медициналық мекеме болмақ.