ШҚО-да түрмеге жаңғақ ішіне есірткі жасырып өткізбек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ 156/20 колониясының қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттардың жеткізілуінің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматылық азамат түрмеге жолдаған екі келі грек жаңғағы сәлемдемесіндегі төрт жаңғақтың ішіне есірткі жасырып, жібермек болған.
Тексеру кезінде олардың төртеуінде белгілі бір иісі бар белгісіз жасыл түсті заттар табылды.
Ал тағы бірі кір жуғыш ұнтағының ішіне екі телефонды жасырып өткізбек болған.
Сонымен қатар, ол 1,9 литр болатын шырын қаптамасына белгілі бір иісі бар басқа сұйықтық құйып өткізбек болды.
Барлық тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
Қызметкерлер сотталғандарға келген барлық сәлемдемелерді тұрақты негізде тексереді. Алайда, құқық бұзушылар бұл туралы білі тұра, қызметкерлер байқамай қалады деп үміттеніп, әрекет етуді жалғастыруда, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі, әділет капитаны Салтанат Ожиканова.
Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналды.