ШҚО-да түрмеге көкнәр лақтырмақ болған күдікті ұсталды

Өскемен қаласының №16 түзету мекемесінің белгілі бір аумағын патрульдеу барысында Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің жауынгерлік жасағы тыйым салынған заттарды ішке қарай лақтыруға әрекеттенген В. есімді азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында ұсталған азамат салмағы бір келіден жоғары көкнәрді сотталғандарға лақтырмақ болғаны анықталды.

Тыйым салынған өсімдік тектес жасыл зат жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, ұсталған азамат құзырлы органдарға тапсырылды,-деп хабарлады «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы