ШҚО-да техникалық регламенттердің талаптарын бұзған ЖҚС-ға айыппұл салынды
ШҚО-да техникалық регламенттердің талаптарын бұзған ЖҚС-ға айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментіне Өскемен қаласының тұрғыны тарапынан тұтынушыға қолжетімді жерлерде отынның атауы мен маркасы, отынның автомобиль және авиациялық бензинге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы ақпараттың жоқтығына өтініш келіп түсті.
Бұл бұзушылықтардың уақытылы жолын кесу және оларға жол бермеу мақсатында Департамент қала аумағында отынмен бөлшек сауда қызметін жүзеге асыратын екі ЖМҚС-қа қатысты субъектіге жоспардан тыс мемлекеттік бақылау жүргізді.
Автомобиль бензині мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу кезіндегі қолданыстағы талаптарға сәйкес отынның атауы, маркасы, оның ішінде экологиялық сыныбы туралы ақпарат тұтынушылар үшін қолжетімді орындарда орналастырылуға тиіс.
Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген ЖҚС-қа қатысты әкімшілік іс қозғалды. КО ТР 013/2011 «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» бұза отырып, отынның экологиялық сыныбы туралы ақпараттың жоқтығы үшін кәсіпорынға ҚР ӘҚБтК 415-бабы 1-тармағының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта 310 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төленді, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалды.
Сонымен қатар мемлекеттік инспекторлар субъектімен Техникалық реттеу және техникалық регламенттер саласындағы заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.