ШҚО-да сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 6 адамға сыйақы берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар берген 6 адамға сыйақы берілді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Қазіргі уақытта жемқорлық туралы хабар берген адам параның көлеміне қарай 10 пайыздық сыйақыға ие болады. Яғни 1 000 АЕК болса, ол ақшаның 10 пайызы хабар берген адамға сыйақы ретінде беріледі. Бірақ ақшалай сыйақының мөлшері  4 000 АЕК-тен аспауы шарт.

ШҚО-да жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 6 адам сыйақыға ие болды. Бұл ретте сыйақының ең жоғары мөлшері 4 миллион теңгені, ең төмен мөлшері – 138 900 теңгені құрады, – деді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы