ШҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталды – ТЖД
Риддер қаласы мен Алтай, Самар, Марқакөл, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандарында су тасқыны қаупі туындауы мүмкін
Бұл туралы Республикалық ақпарат штабы брифингінде ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты облыста су тасқынының екінші толқыны басталды. Қазіргі уақытта облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандарында, Риддер қаласы мен Алтай, Самар, Марқакөл, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандарында су тасқыны қаупі туындауы мүмкін, - деді ол.
Аға инженердің айтуынша, бүгінде қар жамылғысының ауданы облыстың 44%-ын құрайды. Көптеген ауданда қар қоры және ондағы судың мөлшері нормадан 1,5-2 есе жоғары.
Су тасқыны жағдайын уақытылы бағалау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі. Мобильді топтар күн сайын тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Алдын алу іс-шараларының жоспарына сәйкес жағалауды нығайту және өзендердің түбін тереңдету, бөгеттер салу, қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Кекиева.
Жергілікті атқарушы органдар арналарды, арықтар мен көпірлерді тазарту бойынша жоспарланған жұмыстарды аяқтады.
- «Балаларға шынайы өмірде көбірек уақыт керек»: Еурокомиссия балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектемек 06:15
- 227 жолаушысы бар ұшақ шұғыл қонды 05:54
- Ақмола облысында 11 жастағы бала Нұра–Есіл каналына батып кетті 05:32
- Трамп Иран үшін Ормуз бұғазын қоршауға алып, жүк тасымалы үшін алым енгізетінін мәлімдеді 04:25
- Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды 03:35
- Елімізде 18,5 млн адам мобильді интернетті пайдаланады 02:29
- Жер учаскеcінің мемлекеттік актілерін енді тек онлайн алуға болады 00:20