24 Наурыз 2026, 07:22
Фото: Скриншот
ШҚО-да су тасқынына қарсы тәулік бойы мониторинг жүргізілуде
Өңірде ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың қарқынды еруі басталған.
Шығыс Қазақстан облысы аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында тәулік бойы мониторинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірде ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың қарқынды еруі басталған. Осыған орай құтқарушылар өзендердің мұздан ашылу барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Мамандар су тасқыны қаупі бар учаскелерді ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен тексеруде. Бұл жұмыстар қабылданған алдын алу шараларының тиімділігін бағалауға және қауіп туындаған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бақылау нәтижесіне сәйкес, өңірдегі гидрологиялық жағдай тұрақты. Көптеген өзендерде мұз әлсіреп, кейбірінде мұз жүру процесі басталған. Қауіпті деңгейде су көтерілуі тіркелген жоқ.
- Биыл Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша 7 жоба іске қосылды 08:56
- Елімізде егін жинау қарқыны артты: 2,6 млн гектар алқаптан өнім жиналды 08:40
- Қазақстан құрамасы халықаралық география олимпиадасында екінші орын алды 08:22
- Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:10
- Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді 07:51
- Үй жануарын тастап кеткендер жауапқа тартылады: 24 тамыздан бастап қазақстандықтар үшін не өзгереді? 07:30
- Астанада такси жүргізушісін балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамалды 07:12