Бүгiн 2026, 07:22
Фото: Скриншот
ШҚО-да су тасқынына қарсы тәулік бойы мониторинг жүргізілуде
Өңірде ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың қарқынды еруі басталған.
Шығыс Қазақстан облысы аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында тәулік бойы мониторинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірде ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың қарқынды еруі басталған. Осыған орай құтқарушылар өзендердің мұздан ашылу барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Мамандар су тасқыны қаупі бар учаскелерді ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен тексеруде. Бұл жұмыстар қабылданған алдын алу шараларының тиімділігін бағалауға және қауіп туындаған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бақылау нәтижесіне сәйкес, өңірдегі гидрологиялық жағдай тұрақты. Көптеген өзендерде мұз әлсіреп, кейбірінде мұз жүру процесі басталған. Қауіпті деңгейде су көтерілуі тіркелген жоқ.