ШҚО-да су айдындарындағы сақтық шаралары күшейтілді

Өңірде күн райы жылынып, суға түсу маусымы басталғалы су айдындарында сақтық шаралар күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап. 

Құтқарушылар жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін рұқсат етілмеген жағажайларды назарға алып, кезекшілік ұйымдастыруда.

Шомылу кезеңі басталғаннан бері барлығы 713 рейд жүргізілді. Уақтылы профилактиканың арқасында 11 бұзушы ӘҚБтК - нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1 адам кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы) жазаланды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

ШҚО ТЖД мамандары су айдындарында демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратты. Сондай-ақ ережелерді елемегені үшінәкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы