ШҚО-да шомылуға рұқсат етілген 22 учаске белгіленді

ШҚО әкімдігінің қаулысымен шомылуға рұқсат етілген 22 учаске анықталды. Атап айтқанда, Ұлан ауданында – 1, Өскемен қаласындағы коммуналдық жағажайлар -2, Алтай ауданында – 2 және Риддер қаласында – 1 учаске жұмыс істейді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конферециясында ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков айтты, деп хабарлайды Altaynews.

Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен шомылуға тыйым салынған 74 орын және шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 29 орын анықталды. Бүгінгі таңда осы учаскелерде 201 тыйым салу және ескерту белгісі, сондай-ақ 12 баннер орнатылған.

Шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖД мүдделі органдармен бірлесіп облыстың су айдындарында 1738-ден астам рейд, 154 халықпен жиын, сондай-ақ су жағасында 10000-нан астам демалушы қамтылған 18 акция өткізді. Бірақ соған қарамастан әлі де қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын, тыйым салынған жерлерге суға шомылатындар қатары әлі де бар, - дейді Руслан Орынбеков.

Жыл басынан бері жалпы су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша 9 жеке тұлғаға ескерту жасалған. Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 2 лауазымды және 4 жеке тұлға тартылып, алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 24 адам, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша кемелерді пайдалану ережесі, оның ішінде шағын көлемді 5 жеке тұлға ҚР ӘҚБтК 582-бабы бойынша тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы