ШҚО-да шектеу шаралары жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан аумағында 17 ақпаннан бастап шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды Altaynews.

Айта кетсек, 10 ақпанда облыс «сары» аймаққа өткен болатын. Бірақ эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты шектеулерді жеңілдету туралы қаулы 17 ақпанда күшіне енеді.

ШҚО бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, пандемия басталған кезден бері облыс аумағында коронавирус жұқтырудың 59 мыңға жуық жағдайы тіркелген. 2022 жылдың басынан беру коронавирус жұқтырған оқушылар саны – 660, оның ішінде ауру белгілері бар жағдайлар саны – 496. Сондай-ақ, 36 сынып карантинге жабылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы