ШҚО-да қызылша жұқтырғандар саны артты

Шығыс Қазақстан облысында қызылша жұқтырғандар саны артып барады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері бұл диагноз 56 рет тіркелді. Ауруға шалдыққандардың дені балалар. Мамандардың айтуынша, олардың басым бөлігі осы қызылшаға қарсы вакцина алмаған. Аурудың емі бар. Бірақ асқынған жағдайда сауықтыру қиынға түседі. Сол себепті дәрігерлер ата-аналарды сақтық шаралын күшейтуге шақырып отыр. Кеселдің осы түрі аймақта осыдан 3 жыл бұрын өрши түскен. 

Қызылшаның көптеп таралуын екпе арқылы тежеуге болады. Вакцина алған бала мүлдем ауырмайды, ауырса ол анағұрлым жеңіл өтеді. Ал бір рет ауырып шыққан адамда осы инфекцияға қарсы мықты иммунитет қалыптасады. Бүгінгі күні аймақтағы қорда 2700 дана вакцина бар, - деді  денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Мақашева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы