ШҚО-да құтқарушылар мен полиция автокөлік колоннасына көмек көрсетті

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қолайсыз ауа райында жолда қалып қойған автокөліктер колоннасына көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жоғарғы Тайынты» ауылының маңындағы «Өскемен-Тарғын-Самар» жолының учаскесінде ШҚО ТЖД және полиция қызметкерлері Тарғын ауылына дейін 15 жеңіл автокөлік пен 30 адамды, оның ішінде 4 баланы алып жүрді, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта облыста автокөліктің барлық түрлері үшін 5 республикалық және 7 облыстық жол жабық.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ШҚО ТЖД жедел штаб ашты, онда азаматтар үшін 87232-55-38-19 нөмірі бойынша жедел желі телефоны жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы