ШҚО-да құны 3,5 млрд теңгеден асатын ірі есірткі зертханасы жойылды

ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды, тәркіленген есірткінің құны 3,5 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен облыстың Ұлттық қауіпсізік департаменті Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырған синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхананың қызметін әшкереледі.

Заңсыз айналымнан 630 мың бір дозалы пакеттерде жалпы салмағы 125 кг астам «мефедрон», 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ, тәулігіне 30 кг дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін замануи зертханалық жабдықтар тәркіленді, - делінген Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады.

Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынды. ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесінде қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы