26 Қазан 2026, 21:17
Фото: BAQ.KZ архиві
ШҚО-да қар мен лайға батқан көліктегі адамдарға көмек көрсетілді
ТЖМ жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жолдардың жай-күйін ескеруді ескертті.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында Айыртау және Каменка ауылдарының арасындағы жолда екі ересек адам мен бала көмекке мұқтаж болды.
Олардың көлігі қар мен лай араласқан жолда тұрып қалып, әрі қарай қозғала алмаған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар көлікті сүйреп шығарып, тасжолға дейін жеткізді.
Осыдан кейін азаматтар сапарларын өз беттерінше жалғастырған. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жолдардың жай-күйін ескеруді ескертті. Қолайсыз ауа райында сапарды кейінге қалдырып, жолдың күрделі учаскелерінде барынша сақ болуға шақырды.