ШҚО-да қар көшкінінің алдын алу шаралары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Өскемен-Серебрянка-Рахман қайнары» тасжолында қар көшкінінің аллдын алу шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Алтайньюс.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары құтқарушылармен бірігіп аталған «Өскемен-Серебрянка-Рахман қайнары» тасжолының 59-65 шақырымынан 2320 текше метр қар түсірген.

Айта кету керек, қыс мезгілі басталғалы өңірде 58 профилактикалық қар көшкіні жүргізіліп, 48 220 текше метр қар түсірілді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы