ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылады

ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол учаскелерінің бірі жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Өскемен – Таулы Үлбі – Северное тас жолының 30-37 шақырымында жасанды қар көшкіні жүргізіледі, деп хабарлайды.

"ОблШығысЖол" ЖШС ақпараты бойынша, бүгін сағат 11:00-ден бастап Өскемен – Таулы Үлбі – Северное (30-37 км) жол учаскесінде профилактикалық қар көшкіні жүргізілуіне байланысты көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы