ШҚО-да қар көшкіні жүрді

Шығыс-Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазселденқорғау» ММ ақпараты бойынша 13 ақпанда 09 сағатта 30 минутта Катонқарағай ауданында «Өскемен-Рахман қайнары» Республикалық маңызды автожолының 437 шақырымында қардың көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты, қар көшкіні өздігінен түсті.

Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ.

Көшкіндер жолды толығымен жауып тастады. «КАЖсервис» жол қызметімен тазалау жұмыстары жүргізуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы