ШҚО-да қар көшкіні республикалық тас жолды толығымен жауып тастады

Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында бүгін ірі қар көшкіні жүріп, республикалық тас жолды толығымен жауып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша 21 ақпанда Катонқарағай ауданында шамамен 8 сағат 40 минут, "Өскемен-Рахман қайнары" республикалық маңызы бар автожолында 436 шақырым жерде қардың көп түсуіне байланысты жалпы көлемі 7600 текше м қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ. Қар көшкіні жолды толығымен жауып тастады. Жол қызметтері тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазавтожолдың мәліметінше, республикалық маңызы бар "Өскемен – Рахман қайнары" автожолының 436 шақырымында көлік қозғалысы кешке қарай қайта жанданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы