8 Ақпан 2023 2023, 21:09
Фото: greenpeace.ru
ШҚО-да қар барысын іздеу басталды
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Шығыс Қазақстанда қар барысын іздеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Шығыс Қазақстанда қар барысын іздеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Экспедиция кезінде зоологтар мен инспекторлар фототұзақ орнатып, бұрынғы камераларды тексереді. Сондай-ақ заңсыз құрылған аулар мен қақпандарды алады. Бұл туралы Altaynews жазды.
Мамандар барыстың биологиялық материалын жинап, молекулалық-генетикалық талдау жүргізуге ниетті.
«Катонқарағай ұлттық паркінде кемінде үш, әйтпесе алты қар барысы бар. Негізгі мекені – Қатын жотасы екі мемлекеттің шекарасында орналасқан. Бұл сирек кездесетін тау тағысын қорғауды қиындатып тұр», - дейді Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Алтай-Саян экоаумағындағы өкілдігінің аға үйлестірушісі Александр Карнаухов.
Шығыс Қазақстандағы қар барысын зерттеу үшін Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының қызметкерлері зерттеудің заманауи әдістерін қолданады.