ШҚО-да қандастарға бөлінетін квота мөлшері артты
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, биыл 8652 өңірлік квота бөлінген. Ол өткен жылмен салыстырғанда 566 адамға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтсақ, қандастар үшін: ШҚО бойынша – 239, СҚО бойынша – 138, Қостанай облысында – 150, Абай облысына – 196, Ақмола облысы үшін – 270, Павлодар облысы үшін – 932 адамды құрайы, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ал биыл қоныс аударушылар үшін: ШҚО бойынша - 305, Қарағанды облысында - 33, Ұлытау облысы үшін - 120, Абай облысна - 238, Қостанай облысы үшін - 530, СҚО бойынша - 2660 және Павлодар облысында - 2841 адамды құрайды.
Айта кетейік, барлығы 19 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандастар мәртебесін алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Солтүстік Қазақстандағы елдімекендерде сібір еліктері жүр
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы