ШҚО-да полицейлер есірткі сататын интернет-дүкенді жойды
ШҚО-да полицейлер есірткі сататын интернет-дүкенді жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
ШҚО-да полицейлер есірткі сататын интернет-дүкенді жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасымен бірлесіп Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады.
Ол өзі өсірген марихуана мен гашишті сату үшін танымал мессенджерлердің бірінде веб-сайт пен парақша құрған.
Есірткі сатылымын жасырын орындар арқылы жүзеге асырып отырған: төлемді алғаннан кейін күдікті тауарды алдын ала келісілген орындарға қалдырған. Оның жер үйін тінту барысында полицейлер есірткінің әртүрлі түрлерін өсіруге арналған зертхананы анықтады. Жедел уәкілдер қара нарықта құны 20 миллион теңгеден асатын 1 келіден астам есірткі тәркіледі.
Сондай-ақ полицейлер оның заңсыз әрекеттерге қатысы барын дәлелдейтін таразылар, орайтын материалдар мен электронды құрылғыларды тапты.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жыл басынан бері шығысқазақстандық полицейлер өңірге есірткі тасымалдайтын 6 ірі арнаның жолын кесіп, 6 есірткі зертханасын таратып, айналымнан 250 келіден астам есірткіні, оның ішінде 6 келіден астам синтетикалық заттарды тәркілегенін айта кету керек.
- Алматы мен Алматы облысының тауларында үш адам құтқарылды 10:49
- Көкшетауда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасындағы төбелес: полиция істің мән-жайын жариялады 10:19
- Түркияның Мугла провинциясында жол апатынан кейін көлік өртеніп, екі адам қаза тапты 09:52
- Доллар, еуро, рубль: 15 қарашада Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы 09:17
- Теннис: Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы ITF турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті 08:53
- Қазақстанда көбелектің жаңа түрі анықталып, оған академик Манаш Қозыбаевтың есімі берілді 08:35
- Қостанай тұрғынынан синтетикалық психотроптық зат салынған 30 орама тәркіленді 08:07