1 Қаңтар 2025 2025, 06:27 Фото: видеодан кадр

ШҚО-да пәтер өртеніп, 7 адам эвакуацияланды

ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде көпқабатты тұрғын үйде жетінші қабатта орналасқан пәтердің балконы өртенген.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 7 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Құтқарушылар өртті жедел түрде 4 шаршы метр алаңда сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.