ШҚО-да пара алған екі басқарманың басшысы ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен екі басқарманың басшысы ұсталды. ҰҚК мәліметі бойынша, жол құрылыс және білім саласында қызмет ететін лауазымды тұлғалар заңсыз сыйақы алғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасына заңсыз сыйақы алғаны анықталды. Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленген. Сондай-ақ осы өңірдің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сот санкциясымен аталған басшылар қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы