16 Наурыз 2024 2024, 18:16 Фото: видеодан кадр

ШҚО-да өзендердегі мұзды ұсақтау жұмыстары жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысында өзендеріндегі мұз кептелістерін жою мақсатында жарылыс жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысында өзендеріндегі мұз кептелістерін жою мақсатында жарылыс жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтеншеліктердің мәліметінше, бүгін Тұрғысын ауылының маңындағы Бұқтырма өзенінде мұз жарылды. Ұсақтау нәтижесінде 20 мың шаршы метр аумақ қамтылды.

Облыстағы жағдай бүгінгі күні тұрақты, тұрақты мониторинг жүзеге асырылуда.