31 Қазан 2026, 14:13
Фото: ©BAQ.KZ архив
ШҚО-да Өскемен – Алтай тасжолының бір бөлігі ашылды
Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі жол учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына рұқсат берілді.
Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының бір бөлігінде көлік қозғалысы қайта жанданды.
Жолдың барлық көлік түрі үшін ашық екені хабарланды.
31 қазанда сағат 10:40-та 7-шақырымнан 166-шақырымға дейінгі аралықта, яғни Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі учаскеде қозғалыс қалпына келтірілді.