ШҚО-да өртке қарсы аялдама пайда болды

Енді жолаушылар қоғамдық көлік күтіп тұрғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін оқи алады, деп хабарлайды BAQ.KZ сайты ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Мұндай профилактикалық нысанды ашу бастамасын жергілікті ТЖ бөлімінің құтқарушылары көтерген.

Өңірімізде азаматтарды оқыту және өрт қаупі кезеңінде тілсіз жауға жол бермеу үшін ерекше әдісті қолдандық. Қазіргі заманда адамдар әрдайым асығыс жүреді, олардың уақыты жоқ, ал автобусты күтіп тұрған кезде 10-15 минут уақыт болса, құтқарушылардың ұсынымдарына назар аударуға болады, - деп атап өтті Шемонаиха қаласы ТЖБ бастығы Арман Наурызбаев.

Сонымен бірге, аялдамада құтқарушы мамандығын қалай және қайдан алуға болатыны, төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керегі жазылған.

Бұл аялдама бізге, яғни тұрғындарға жасалған және аудан орталығында орналасқан. Бұл жерде адамдар көп жүреді. Біз жаңалықты қуана қабылдадық және ережелерді оқып-білетін боламыз, - дейді Шемонаиха қаласының тұрғыны Айнұр Смағұлова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы