ШҚО-да өртенген орманға көшет егу басталды
Риддерде екі жыл бұрын өртенген 270 га орман алқабын тазалау жұмысы аяқталды. Биыл көктемнен бері 100 га астам жерге көшет егілді. Орнына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде. Өрт шалған ағаштар кесіліп, күл-қоқыс толық тазаланған. Ретке келтірілген алқаптарға жас көшеттер егіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дегенмен, межелі жұмысты мерзімінде атқару үшін орманшылар тапшы.
Осы алаңдарда дайындық жұмыстарын жүргізіп, биылдан бастап, орман көшеттерін, отырғызып жатырмыз. Енді аманшылық болса, 5-10 жылдың арасында көшеттер өседі деп ойлаймын, - дейді орманшы Талғат Шәріпханұлы.
Көшеттер өсу үшін де машақаты көп. Бүршіктен бастап жас өскін болып шыққанға дейін орманшылар өздері баптайды.
Сол бүршіктерді үгітіп, содан дән шығарамыз. Сол дәнді питомникте егіп үш жылдың ішінде міне қазір отырғызғандай өскіндер болып өсіп шығады. Одан кейін үш жылдан кейін тауға апарып алаңдарға отырғызамыз, - дейді Риддер орман шаруашылғының директоры Ерік Рамазанов.
Айта кетейік, Риддер орман шаруашылығындағы 304 мың га алқапты 167 маман күтіп-баптап қадағалайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін республиканың 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы