ШҚО-да өрт кезінде 6 тұрғын эвакуацияланды

Алтай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатта орналасқан пәтерлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-не сілтеме жасап.

Ас үй жиһаздар, тұрмыстық техника мен жеке заттар жанып кеткен.

ТЖМ құтқарушылары 9 шаршы метр аумақтағы өртті ауыздықтады.

Қауіпті аймақтан 6 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтарын уақтылы жою қажеттігі тіралы ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан алынған кадр
Өзгелердің жаңалығы