ШҚО-да оқушылар қашықтықтан оқиды

ШҚО Білім беру басқармасының ақпараты бойынша 17 ақпанда бірқатар аудандарда сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымның сабақтары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күршім және Алтай аудандарының бірінші ауысым оқушылары бүгін мектепке бармайды. Бұл туралы Altaynews жазды.

- 0-4 сынып аралығында Күршім ауданында (№1,3,4,5, Алғабас, Бірлік, Ақбұлақ ОМ), Алтай ауданында (Зубовск, Маяк, Чапаев, Тургусун, Соловьев, Первороссийск, Леснопристан, Путинцев, Новокрестьян, Подорлов, Крестов ОМ, М.Харин атындағы ТМ);

- 0-9 сынып аралығында Алтай ауданында (М.Бикетов атындағы ОМ) қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы