ШҚО-да найзағайдың әсерінен тұтанған өрт сөндірілді

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында найзағайдың тікелей әсерінен болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

9 шілдеде сағат 15.00-де Күршім ауданындағы таулы жерде найзағайдың тікелей әсерінен құрғақ шөп жанды. Оқиға орнына автокөлік техникасымен жету мүмкін болмағандықтан, ЖАО, өрт сөндірушілер мен орманшылардан 34 адам жану ошағына жаяу жіберілді. 

Өрт сөндірудің барлық қатысушыларының іс-қимылдарының үйлесімділігінің арқасында 10 шілдеде сағат 00.00-де өрт 3 гектар алаңда сөндірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы