ШҚО-да мұз жару жұмыстары жалғасып жатыр

ШҚО-да мұз жару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жолы мұз жару операциялары Қатон-Қарағай ауданында жүргізілді. Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар, ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері және мамандандырылған ұйым жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ға сілтеме жасап.

Қатон-Қарағай ауданындағы Бұқтырма өзеніндегі мұздың қалыңдығы - 70 см. Ұсақтау нәтижесінде 25 290 м.кв қамтылды.

Мұз кептелісі жағалаулардың су басуына әкелуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін мұзды алдын ала ұсақтау қажет. Жұмыстар жалпы ауданы 149 250 шаршы метр болатын өңірдегі барлық су тасқыны қаупі бар учаскелерде жүргізілді, - деп хабарлайды .ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Жалпы Шығыс Қазақстанда көктемгі су тасқынының өтуі әдетте наурыздың екінші онкүндігінен басталып, маусымның екінші онкүндігінің ортасына дейін созылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы