ШҚО-да мемлекетке орман қорының 169,7 гектар жері қайтарылды

ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мемлекетке орман қорының 169,7 гектар жерін қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Өскемен орман шаруашылығы» КММ қызметін тексеру нәтижесі бойынша, орман пайдаланушысы – «Қазақстан Бипэк Авто» АҚ жалпы ауданы 150,7 га орман қоры учаскелерінде ұзақмерзімді орман пайдалану шарттарының талаптарын жүйелі түрде бұзғанын анықтады.

Сондай-ақ уәкілетті органның келісімінсіз алаңы 19 гектарды құрайтын учаскелерде құрылыстар салынған.

Орман пайдаланушы өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтамаған, өртке қарсы іс-шараларды уақтылы орындамаған, шаруашылық қызметін орман билетінсіз жүргізген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде сот шешімімен ауданы 169,7 га мемлекеттік орман қорының жер учаскелеріне ұзақмерзімді орман пайдаланудың 13 шарты бұзылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы