2 Қаңтар 2025 2025, 16:56
Фото: Қазавтожол
ШҚО-да маңызы бар автожолдардың бірі жабылды
Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылғы 2 қаңтарда сағат 15:00-де өңірдегі ауа райының бұзылуына байланысты автожолдардың бірі жабылды.
Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылғы 2 қаңтарда сағат 15:00-де өңірдегі ауа райының бұзылуына байланысты автожолдардың бірі жабылды.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ мәлімдеді.
Нақтырақ айтсақ, "Алматы-Усть-Каменогорск" 1013-1048 км, Абай облысы шекарасы- Уланское а. учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.