ШҚО-да көшкін қаупі күшейді

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, таулы аймақтарда 20-23 қаңтар аралығында қар көшкіні болуы әбден мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың айтуынша, қалың қар жуғаннан кейін немесе қызыл шұнақ аяздан кейін 3-4 күн өткенде көшкін қаупі арта түседі. Бұл туралы Altaynews жазды.

Жалпы өңірде қар көшкіні жиі болатын 497 жер бар. Әсіресе автожол бойындағы учаскелер аса қауіпті:

Өскемен-Самар,

Өскемен-Алтай,

Согорное-Барлық,

Берел-Рахманов қайнары (Катонқарағай ауданы),

Зубовка-Путинцево,

Лениногорск-Чекмар кеніші.

Оған қоса көшкін қаупі бар аймақта орналасқан 5 демалыс базасы бар. Оның екеуі – Риддер қаласында, үшеуі – Таулы Үлбіде.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы