ШҚО-да көпбалалы аналар автобуста тегін жүретін болады
2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ ustinka.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір өңір бойынша мұндай мүмкіндікке аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 312 бала ие. Бұған 178,1 миллион теңге қаржы бөлінген.
Келер жылы облыста жәрдемақы алушылардың тізімін кеңейту жоспарланған.
Енді келесі жылдан бастап "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажет қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді, – деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дұрыс тамақтанудың негізі үш қағидаты
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы