ШҚО-да көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының жақсаруы нәтижесінде бірқатар автожолдарда көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
2025 жылғы 24 қараша сағат 21:30-да келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды, - делінген хабарламада.
Ашылған учаскелер:
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тас жолының 1104–1191 шақырымы (Глубокое – Шемонаиха);
- «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» жолының 15–105 шақырымы (Белоусовка – Риддер).
Қосымша ақпарат алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда алғаш рет жүректі ауыстыру отасы жүргізілді
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы