ШҚО-да кинолог баланы құтқарып қалды
9 тамызда Ұлан аудандық полиция бөлімінің 102 жедел арнасына Қасым Қайсенов кентіндегі Абай алаңындағы үйлердің бірінің терезесінде жас бала тұрғаны туралы қоңырау түскен. Пәтерге бірінші болып жүгірген инспектор-кинолог қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ІІМ сайтына сілтеме жасап.
Дабыл бойынша жедел-тергеу тобы дереу мекенжайға жіберілді. Бірнеше минуттан кейін полицейлер оқиға орнына жеткен, алайда олар келгенге дейін ол жерге инспектор-кинолог алғашқылардың бірі болып Асыл Беріков жетіп, дереу шара қолданды, – дкләнген хабарламада.
Кейін хабарланғандай, Асыл шақыртуды тіркеу кезінде үйге қарай жүгіріп, кіре беріс есікті ашып, жоғары шығып, 5-қабаттағы пәтердің есігін қаққан. Есікті 12 жастағы қыз бала ашқан, ол інісінің ашық терезенің алдына шығып алғанын байқамаған.
Бөлмеге жүгіріп келіп, полицей баланы әңгімеге тартып, терезенің алдынан көтеріп алды. Олардың ата-анасы бұл уақытта сол үйдің астында орналасқан дүкенге кеткен екен. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында монша өртенді
Өзгелердің жаңалығы