ШҚО-да кезекті аэровизуалды тексеру жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысына барған ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Кахарман Оразалин облыс әкімі Ермек Көшербаев, басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірге облыстың су тасқыны қаупі бар аудандарын әуеден барлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жауаптылар өзен арналарының, қар жамылғысының жай-күйін бағалады, су қоймалары мен бөгеттерді қарады.

Өңірдің гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты. Қар жамылғысы 48% құрайды. Өзендердегі су деңгейі сыни белгіден төмен, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы