ШҚО-да халықаралық бүркітшілер сайысы өтеді

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында өтетін «Шығыс салбұрыны-2022» сайысына бес елден 30 бүркітші қатыспақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Шығыс салбұрыны-2022» сайысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында өтеді. Онда қатысушылар бүркіт ұшырып, ит жүгіртіп, асау үйретіп, жарысқа түспек.

Ұлттық спорт додасына Қазақстан, Моңғолия Халық Республикасы, Қырғызстан, Венгрия және Ресейден 30 бүркітші қатысады. Бұдан бөлек, 35 қазақы құмай тазы сайысқа түседі. Иттер бір шақырымға жүгіріп жарысады, – деп хабарлады аудан әкімдігінен.

Сайыс 8 қараша күні өтеді. Себебі сол күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауады деп күтілуде. Қансонарда аң ізі анық көрінеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы