ШҚО-да ерекше білім беру қажеттілігі бар 10 мыңнан астам бала бар
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім беру орталарына тарту, қоғаммен араластыру - өте маңызды. Қазір облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10896 бала тұрады (2340 мектеп жасына дейінгі, 8556 мектеп жасындағы), деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.
Облыстың барлық мектептерінде инклюзивті оқыту үшін толықтай жағдай жасалған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 6 арнайы мекеме, 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 1 оңалту орталығы, 1 аутизм орталығы, 1 девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат бар, - деп атап өтті ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.
Сонымен қатар, облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 4 білім беру ұйымы жұмыс істейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы