ШҚО-да ер адам жануарларды атқан. Шығын 13 миллион теңгені құрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында браконьерлік фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік шаралар өтуде. Жыл басынан бері жабайы аңдарды заңсыз аулау бойынша 11 факті анықталды.

Аққожа ауылының 38 жастағы тұрғыны заңсыз арқар мен күзен аулаған. Оқиға Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің аумағында болған.

Заң бұзушы аңдарды 28 калибрлі тіркелмеген тегіс ұңғылы қарудан атқан. Қоршаған ортаға 13 миллион теңгеден астам шығын келген.

Іс жүзінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337 бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін заңсыз аулау.

Санкция 6 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не мүлкiн тәркiлеумен 3 жылдан 6 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді. 7 жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығы жоқ, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы