ШҚО-да екі қария түтінге тұншығып қалды

Шығыс Қазақстан облысында түтінге тұншыққан екі зейнеткер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шемонаиха қаласындағы Новосельская көшесінде тұратын әйел адам көрші үйден шыққан түтінді байқап қалып, дереу өрт сөндірушілерді шақырған.

Оқиға орнына келген №28 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері түтін тұмшалаған үй ішіне кіріп, үш адамды құтқарып қалды.

Құтқарушылар 77 жастағы қарияны, 69 жастағы әже мен 45 жастағы әйелді терезе арқылы сыртқы шығарып үлгерді. Түтінге тұншыққан екі зейнеткер ауруханаға жатқызылды. Анықталғандай, үйді түтін басуына пештегі тамақтың ұмыт қалдырылуы себеп болған, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы