12 Наурыз 2026, 13:02 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

ШҚО-да директор жұмыс істемеген туыстарына жалақы төлеген

Кінәлі тұлға сотталды, мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өндірілді.

Шығыс Қазақстан облысында директор жұмыс істемеген туыстарына жалақы төлегені үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстаумен айналысқан «ҚАЖсервис» ЖШС филиалында жұмысқа жалған орналастыруға қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
Сот кәсіпорынның бұрынғы директоры іс жүзінде жұмысқа шықпаған адамдарды ресімдеп, оларға жалақы төлеп келгенін анықтады.

Уақытты есепке алу табельдері мен қаржылық құжаттар лауазымды тұлғалар мен олардың туыстарының өтініші бойынша бекітіліп отырған. Бірінші сатыдағы сот сотталушыға қатысты амнистияны негізсіз қолданған болатын, алайда көлік прокуратурасының өтінішхаты бойынша апелляциялық инстанция бұл шешімнің күшін жойды. Кінәлі тұлға сотталды, мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өндірілді, - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енді. 
 
Еске салайық, бұған дейін Damumed-ке жалған дерек енгізген стоматология директоры үйқамаққа алынды