ШҚО-да денсаулығы жарамаса да көлік жүргізіп жүрген 5 адам анықталды

Жергілікті прокурорлар олардың көлік құралдарын басқару құқығына шектеу қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы талдау барысында медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынған адамдарда жүргізуші куәліктерінің болуын анықтады.

Атап айтқанда, дәрігерлік-консультациялық комиссияның 2023 жылғы 15 маусымдағы қорытындысына сәйкес, жүргізуші куәлігі бар азамат Ж.-ның автокөлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдері болған.

Осындай фактілер тағы 5 азаматқа қатысты анықталды. «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жол жүрісі ережелерінің бірі - жол жүрісі қатысушыларының, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін сақтау болып табылатыны ескеріп, прокуратураның қадағалау актісі бойынша полиция сотқа жоғарыда аталған адамдардың көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату туралы талап арыз берді. Сот қарауының нәтижесінде аталған азаматтардың көлік құралдарын басқару құқығы тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы