ШҚО-да дауыл үйлерді қиратып, шатырларды ұшырып әкетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына қарасты Қаратал аулында дауыл соғып, үйлердің шатыры ұшып кетті. Бұл туралы жергілікті Altaynews.kz сайты хабарлады.

Жойқын желдің салдарынан К.Рамазанов көшесіндегі жарық бағандары майысып, 20-ға жуық үйдің, қораның шатырлары жұлынып, тағы бірнеше үйдің қоршаулары қираған. Қара дауыл шатырларды түбімен жұлып, бірнеше метрге ұшырып жіберген. Адам шығыны жоқ.

Ауыл әкімі мен ауыл депутаты зардап шеккен отбасылармен жолығып, жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы