ШҚО-да бухгалтер мектеп қаражатын құмар ойынға жұмсаған

Күршім ауданында мектеп бухгалтері мекеме қаражатын құмар ойындарға жұмсап жіберген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы  altaynews.kz жазды.  11,9 миллион теңге қолды болды.

Ол қаражатты 2018 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың шілдесіне дейін өзінің және туыстарының банк картасына аударып келген.

Күдіктінің кінәсі экономикалық сараптаманың қорытындыларымен, куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді. Сотталушы өзі де кінәсін мойындады, - деп мәлімдеді Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот айыпталушыны мойындағанын, өкінгенін және жас балаларының барын ескере отырып, мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру және үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inbusiness.kz
Өзгелердің жаңалығы